«Қызыма намаз оқуға рұқсат бергеніме өкінемін» дейді Мәрзия Медетова (ВИДЕО)

0
2001

Ирак түрмесінде отырған қазақстандық әйелдер өздерін Отанға қайтаруды сұрады деп жазады Democrat.kz. тілшісі Shyndyk.kz.-ке сілтеме жасап.

Өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілген қазақстандық 6 әйел 2013 жылы «Джихад» үшін отбасыларымен Сирияға аттанған.

Сирияға келген соң, олардың күйеулері бала-шағасы, әйелдерін тастап, ізім-қайым жоқ болып кеткен.

Күйеулерінің енді қайта келмесін түсінген 6 әйел өз еріктерімен Ирак билігінің қолына түседі.

Ирак билігі қазақстандық 6 әйелді террористік топтармен байланысы бар деп айыптап, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын кеседі.

Астанада өткен баспасөз жиынында «Воздух свободы» ҚҚ басшысы Жанна Умирова Ирак түрмесінде қалған 6 қазақстандық әйелдің қазіргі жағдайы өте нашар екенін, ас-суға жарымай отырғанын және түрме қызметкерлері тарапынан жиі соққыға жығылатынын хабарлады.

Жанна Умирова Ирак түрмесіндегі 6 әйелдің  видеосын журналистерге көрсетіп, қазақстандық әйелдер Президент Тоқаевтан көмек сұрағанын, «Джихадқа» алданып барғанын, енді қатты өкінетінін жеткізді.

«Сол кездері қызым намаз оқимын дегенде, еш қарсылық білдірмедім. Керісінше, қатты қуанған едім. Ал қазір намаз оқуға рұқсат бергеніме қатты өкінемін» дейді Ирак түрмесіндегі бір әйелдің анасы Мәрзия Медетова.

Дайындаған — Әлия БОЛАТҚЫЗЫ.

Фото көрнекілік үшін.

@gazizaraimbeknews

⚡️ Казахстанки в иракской тюрьме просят вернуть их на родину Родные шести казахстанок, отбывающих пожизненное заключение в иракской тюрьме «Русафа», вновь обратились к властям с просьбой об их экстрадиции. В 2013 году они вместе с семьями уехали в Сирию на священную войну «джихад». Их мужья вскоре исчезли, оставив жен и детей. Женщины сдались властям, которые передали их Ираку. Там их обвинили в связях с террористическими группировками и приговорили к пожизненному заключению. Сегодня на пресс-конференции в Астане глава ОФ «Воздух свободы» Жанна Умирова заявила, что казахстанки содержатся в ужасающих условиях. Заключенные вынуждены сами покупать питьевую воду, еды не хватает, а проверки сопровождаются избиениями. Подробности смотрите в нашем сюжете 👆🏻

♬ оригинальный звук — gazizaraimbeknews