Болашақта төрде отыратын бас құданы таппайтын боламыз
Бір досымның баласы үйленгелі жатыр. Жасы отыздан асып кеткен. Осыдан он шақты жыл бұрын осы ұлы үйленем дегенде, «жүріп жүрген қызының әкесі жоқ екен, ал маған төрде отыратын құда керек» деп, баласын айнытып тастаған еді. Содан ұлы салпақтап жүріп қалды.
«Енді құдаң болатын болды ма?» десем «Жоқ-дейді-осымен үйленем деген үшінші әлде төртінші қызы. Бәрінің де әкелері жоқ боп шықты. Бірі ажырасып кеткен, бірінің әкесі авариядан қайтыс боп кеткен. Көзім жеткені — толық отбасылы семья табу қиын екен» деп, басы салбырап кетті…
Ішімнен «Ол ештеңе емес, қазіргі ажырасудың көптігі сонша, мемлекет бұл мәселені шындап қолға алмаса, болашақта төрде отыратын құданы, қызыл кітаптан іздейміз шығар» деген ой келді…
Малик ОРАҚОВ, қоғам белсендісі.
Facebook жазбасы.
Фото интернеттен.