Алмас Кішкенбаевқа қатысты сот неге кейінге шегерілді?

0
36

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты әнші Алмас Кішкенбаевқа қатысты сот отырысы кейінге қалдырылғанын хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Бүгін өтуі керек болған сот отырысы белгісіз себептермен кейінге қалдырылды. Мұндай шешімге нақты не түтркі болғанын біз білмейміз, өйткені сот отырысы жабық түрде өтеді, яғни іс барысын жариялауға рұқсат етілмеген. Алмас Кішкенбаевтың осы іс бойынша қаралып жатқанын растаймыз», — деп жауап берді соттың ресми өкілі редакция сауалына.

Әншіге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша айып тағылғанын еске саламыз.

Айта кетейік, осыған дейін әншінің 17 жастағы курьерге тиіскені туралы ақпарат шыққан. Баланың әкесі полицияға арыз жазған. Қалалық полиция Алмас Кішкенбаетың ұсталғанын растаған.