Сен сияқтылар берген пітір ақшасы «кәпірлерді қыратын» бұл дін жалғаса бермек

0
59

Ердоғанның пәрменімен Сирия билігіне келген радикал мұсылмандар алавиттер мен христиандарды, друздар мен күрдттерді өлтіріп жатыр.

Атылып тасталғандар саны кеше 1.5 мың адам-тын.

Алавиттер мен христиандарды Башар Асад үшін өлтірсе, күрдтерді Ердоғанның көңілінен шығу үшін жасап жатса керек.

Ал «адамның жаны көшпелі… Еркектен шыққан жан келесіде әйел болып өмір сүруі мүмкін..» деген сенімдегі, негізгі исламмен қайшылығы көп друздарды жартымұсылман ретінде қырып жатыр.

Бұл қырғынға батыс әлемі қарсылық білдіріп жатқанда, Ердоған үнсіз бақылап отыр.

Исламның 7 парызы бірі Қысас, яғни өш алу.

Қысқасы, біркезде өздерін қаңғытып жіберген Асад билігін қолдағандары өлтіріп жатыр.

Ислам діні ешқандай да бейбіт дін емес екенін құранды оқыған түсінеді.

«Ислам қағидаларына сенбегендер —кяфирлер» дейтұғын нағыз узурпаторлар осылар.

Жә, ағайындар!

Ұстанып жүрген диеталарыңды дәл осы ораза айына әкеліп тіремей, жыл он екі айдың кез келген уақытында ұстайтын адамсыңдар ғой.

Осы сендер сияқтылардың «көңіл қошынан», берген пітір-садақасынан бұл дін әзір жалғаса бермек.

Әгәрәки, ислам радикалдарды шабуыл жасаса, атеистер мен қатар «жартымұсылман» ретінде сендердің де тірі қалуларың екіталай..

Төртуыл ШОҚАН, қоғам белсендісі.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін.