«Тозақты тұтас мен сатып алуға дайынмын!» дейді қоғам белсендісі

0
414

Жұмақ пен тозақ саудасы… Өткенде бір кісінің жұмақты 700 мыңнан сатып жатқан видеосы тарады ғой. Жұмақтың алдында әтпіш тұрғызатын дәрі сатып жүрген кісі еді… енді мойыны жуандап үлкенірек бизнеспен айналысып, ешкімде жоқ дүниені сатқысы келген шығар…

Сол оқиғадан кейін бір әңгіме есіме түсіп кетті. Біреулер бұл болған оқиға дейді, біреулер әпсана дейді… қысқасы былай:

Ертеректе Рим Папасының ақ дегені ала қара дегені қарғыс болып тұрған дәуір болған. Содан капитолилерінің ішінен жұмақ сататын бюро ашып қояды.

Еуропаны діннің қара түнегі басқан кезең. Ақшасы бардың бәрі кезекке тұрып, таласып-тармасып алып жатады. Жұмақта жер таусылсын ба, пәленше есігіндегі пәленше жерден деп мөрлеп бере береді… сөйтіп байлыққа кенеледі әгі дінбасылар…

Бір күні біреу келіп, маған жұмақтан емес тозақтан орын керек дейді. Ондай дүние күтпесе керек, бюро басшысы тосылып қалады.

Содан ақылдаса келе, ақымақ өзі келіп тұр неге қалтасын қақпасқа деген қорытындыға келеді. Содан әкі келген жігітке қанша жер керек дейді. Ол барлық тозақты сатып алатынын айтады. Дінбасылар қуана-қуана келісіп, барлық тозақты әгі жігітке сатып жібереді…

Содан Папаның мөрі қойылған табақтай құжаты бар жігіт, шығып:

— Әй, халайық! Енді жұмақтан жер алмасаңдар да болады. Мен барлық тозақты сатып алдым. Менің рұқсатымсыз ешкім кіре алмайды. Ешқайсыңды кіргізу зауқым жоқ… енді онда ешқайсың кірмейсіңдер! деп, кетіп қалады…

Кезекте тұрғанның бәрі аң-таң… бұрын сатып алғандар енді тозаққа кірмейтінін біліп қойып, дінбасыларға келіп ақшаларын қайтаруды талап ете бастайды… содан үлкен бунт болып, әгі жігіттен дінбасылар өздері сатқан тозақты жалынып жүріп, зорға дегенде пәлен мың есе қымбатқа қайта сатып алуларына тура келіпті дейді…

Әлгі жігіттен сұрай салыңыздаршы… тозақты сатпай ма екен? Сатса, бәрін өзім алам…

Серік ХАСЕНОВ, қоғам белсендісі.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін.