Салтанат Серкебаева: «Құдайдан сұрап алғанмын»

«Түнгі студия» бағдарламасының жүргізушісі ретінде елге жақсы таныс актриса Салтанат Серкебаева алғаш рет ашық сұқбат беріп, отбасылық өмірі туралы айтты.
«Мен тіпті күйеуімді де құдайдан сұрап алғанмын, осындай болсыншы деп. Сапарда жүргенде көліктің ішінде жолда құдайдан көзімді жұмып: «Е, құдай мен шынайы махаббаттыы қатты қалаймын. Маған сондай бақытты бұйыршы, жартымды кездестірші деп тіледім. Араға бір апта салғаннан кейін Өскемен қаласында кездестік, таныстық. Бірақ мен бірден сол адам екенін білген жоқпын. тек таныстығымыз екен. Ол бізді Өскеменен күтіп алған еді. Кейін араласып, сөйлесіп кеттік», — дейді актриса.
Еске сала кетейік, Салтанат Серкебаева 2024 жылы ақпанда тұрмысқа шыққан болатын.