Солақай саясат — мұғалімге ата-ананы тәрбиелеуді де жүктеп қойды

0
673

Әр мектеп өз оқушысын зерттеп, оқушыға не керек екенін анықтап, мұғалімнің жұмысын зерттеп, мұғалімге не керек екенін нақтылап МЕКТЕПТІ ДАМЫТУ ЖОСПАРЫН жасағанда ғана мектептегі сабақ та шынайы әрі нақты жетістікті көрсетеді.

Мектептің жоспарына сырттан жоспар, бұйрық беру — бүгінгі күннің басты қатесі. Мұғалім білім береді және оқушыны дамытады, сол арқылы оқушыны тәрбиелейді.

Еңбекқорлыққа (білім игеру дағдысы), адамгершілікке (өз ортасын табу), алған білімін қолдануға (жаңа дүние жасау дағдысын) тәрбиеленеді.

Ал қалған тәрбиені ата-ана береді. Биліктегі мектеп көрмегендердің солақай саясаты оқушы тұрмақ, бүкіл ата-ананы тәрбиелеуді мұғалімге жүктеп қойды. Бұл -сорақылық!!!

Әр ай сайын ата-ананы жинап алып шоу жасап жүр. Қыздардың бұрымын өрген болып, видео жасап инстаграмға жүктегеннен бірдеңе шыға ма?!

Сабақты бөліп, өрт қауіпсіздігі (әрине керек) жаттығуына тренировка жасап, оны әлемжеліге салғаннан не пайда табады?! Бұл да сорақылық!!!

Сабақты бұзып, дәрігерлер лекция оқиды, қыздар бәрібір ерте жыныстық қатынасқа түсіп жатыр, себебі дәрігердің айтқанын керісінше қабылдайды. Оны анасы айтпайды.

Әке-шеше көбінесе нан табуыды ғана ойлайды, баласына “телефон көрме” деп айта алмайды. Бұл да сорақылық!!! Жұлдыз ханымның ұсынысын қабылдап, дені дұрыс Жоба жасалса, қолдар едім.

Бірақ Жобаның бәрі мұғалімді жұлмалап “жынды” жасайтын болды.

Мира БАРҚАЗАТҚЫЗЫ, білікті ұстаз.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін.