«Райм жезде нешінші класта еді?»

Асаба Нұрхан Қадірбаев желідегі парақшасында Ерке Есмаханмен түскен суретін жариялады.
«Еркені көтерген мен едім», — деп жазды ол.
Мұны көрген желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды.
«Ерке түріне ремонтты әдемі жасапты», «Еркенің клоны шығар, қазіргі Ерке басқа», «Еркенің еркелігін көтеру керек», «Саған біреу көтер деді ме», «Райм жезде нешінші класта еді?», деп жазды олар.
Сонымен қатар асаба аталмыш суреттің 2004 жылы түсірілгенін де жаза кетті.