Кәмілеттік жасқа толмаған жасөспірімдер мешітте не істеп жүр?

0
593

Кеше кешкісін Алматыдағы орталық мешітте тарауық намазынан шыққан,яғни кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерді көріп қатты таңғалдым.

Қазақстандағы мүфтиятқа тиесілі 6-мың мешітке егер жасы 18-ге толмаған ұл-қыздар әке-шешесінің рұқсатынсыз барса ҚМДБ имамдары оларды заң бойынша мешітке кіргізбеуі тиіс.

Айтпақшы бұл жерде имам-молдалар шариғат бойынша балиғат 15-жас деуі мүмкін, бірақ Қазақ елі зайырлы мемлекет, сондықтан да Иран,Саудия,Ауғаныстан секілді шариғат заңдары бізде жүрмейді.

Қазақстан Республикасының азаматы боп табылатын кәмелеттік жас 18 екенін мүфтият біле тұра, жасы 18-ге толмаған ұл-қыздарды мешіттегі діни рәсімдерге қатыстырса — имамдар заң алдында жауапқа тартылатынын ескерткім келеді.