Құрбысы Баянның басты құпиясын айттып қойды
Екі күн бұрын өткен танымал продюсер, актриса Баян Мақсатқызының шоу-мюзикл кеші қоғамда тағы бір дүмпу тудырғаны рас. Екі сағатқа созылған шығармашылық кеш продюсердің өнері мен жеке өмір жолынан сыр шерткен деп жазады Democrat.kz. ақпараттық порталы.
Мюзикл-кештегі Баянның биі мен киімдерін сынға алған жұртшылық “қазақ әйеліне жарасатын қылық емес” десіп жатты. Қысқа етек көйлекпен келістіріп биін билеген Баян Мақсатқызы өнерімен өзінің шығармашылық өмірін барынша жеткізуге тырысқан. Шынайы қазақ қоғамы Баянның бұл әрекетін сынап жатқанда, оның жан құрбысы Динара Сәтжан Баянның кім екенін айтып жазба қалдырды.
“Өмір бір ғана рет беріледі. Екінші рет берілмейді. Өмір бізге бар мүмкіндігімізді пайдалану үшін беріледі. Баян Мақсатқызының сондай потенциалы шексіз. Ол не қаласа, соған қол жеткізеді. Әр адам солай өмір сүруі керек. Өз потенциалыңнан төмен өмір сүруге болмайды. Өйткені жоғары жақта осындай өмірге келу үшін ұзын-сонар кезек күтіп тұрғандар қаншама” деп жазды Динара Сәтжан.
Баян Мақсатқызының құрбысының бұл жазбасына “дұрыс” дескендер де көп. Сонымен қатар Баянның бұл өнерін қалауын орындау емес, білгенін істеу деп бағалағандар да бар. Қазақ қоғамында моралдық, материалдық еркін әйел тек Баян Мақсатқызы. Оның басты құпиясы да құрбысы айтқандау — не қаласа, соны істеуінде екен.
Фото ашық дереккөзден алынды.