Қытайға тағы бір қақпамызды ашамыз

0
148

Қазақ-қытай шекарасында жаңа бекет ашылады. Туристік өткел Нарынқолдан түседі, деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Жоба биыл жаз айларында іске қосылады. Осы арқылы елімізге келетін саяхатшылар легін бірнеше есе арттыру жоспарда бар. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің салаға жауапты көмекшісі Айбар Теменов мәлімдеді.

Мамандар Райымбек ауданының тұмса табиғаты көрші елдің жиһанкездерін қызықтырмай қоймайды деп отыр. Қазір екі елде үкіметаралық келіссөз жүріп жатыр. Тараптар келісімге келсе қызмет көрсету, кемпинг, қонақ үй сияқты туристік инфрақұрылымды дамытуға күш салынады.

Айбар Теменов, Алматы облысы әкімінің инвестиция, халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесшісі: — Ол жерден тек туристер ғана өтеді. Жаяу жүргіншілер. Қытай туристері өтеді. Ешқандай көлік өте алмайды. Жеке көлікпен туристер өте алады.

Бірақ жаңағы тауар тасу немесе басқа да жүк көліктері өткізілмейді. Қытайдың Іле-қазақ ауданы туризм жағынан өте мықты дамыған. Бізге қарай өтуге өте жақсы, қолайлы жағдайда бұл. Ашқан жағдайда туристердің саны бізде екі еселеніп, он еселеніп өсуі мүмкін.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.