“Сергектер” қазынаға қанша миллиард құйды?

0
50

Алматыда Сергек камераларының бір жылда бюджетке қанша ақша түсіргені белгілі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, Алматыда 7 мыңнан аса «Сергек» камерасы жұмыс істейді. Жақында ғана жаңаларымен толықтырылды. Енді камералар адамның көзінен жақсырақ көреді және көліктегі ең ұсақ бөлшектерді түсіре алады.

Алматы ПД мәліметінше, «Сергек» аппараттық-бағдарламалық жүйелері 2023 жылы жалпы сомасы 12 миллиард 878 миллион 922 мың теңге болатын 1 847 765 заңбұзушылықты тіркеген.

Алматы полициясы Алматы көшелеріндегі «Сергек» автоматтандырылған кешенінде қазіргі уақытта мынадай заңбұзушылық түрлері тіркеліп жатқанын хабарлады:

  • жылдамдықты асыру;
  • тұтас сызықты кесу;
  • қосарланған тұтас сызықты кесіп, кері бұрылу;
  • белгіленбеген жерде тұраққа қою/тоқтау;
  • бағдаршамның тыйым салынған түсіне өту.

Сондай-ақ, пилоттық жоба аясында қауіпсіздік белдіктерін тақпау және жаяу жүргіншілер өткелінде жаяу жүргіншіге жол бермеу тіркеледі.

Сондай-ақ, жақын арада алматылық «Сергектер» бағдаршамның сары түсіне өтетіндерді тіркеуі мүмкін. Наурыз айының басынан бері Астанада мұндай заңбұзушылық түрін камералар түсіре бастады.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.