Қазақ азаматтарының ескерткіші кімнің көзіне күйік болды?

0
240

Телеграм әлеуметтік желісінде қитұрқы ақпараттар таратып, ұлт арасына сына қағып отырған бірнеше арна бар. Солардың бірі  “RedKazakh” деген арна тағы бір пайымымен бөлісіпті деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы.

Қазақстанда кеңестік дәуір ескерткіштерімен күрес қисынсыз жүргізілуде деп жазады “RedKazakh” Телеграм арнасы. Арнаның жазғышының пайымынша, Алматыдағы Фурманов, Калинин, Дзержинский мен Лениннің ескерткіштері кеңес дәуірінің тоталитарлы билігіне қарсылық ретінде жойылыпты.

“Ал Амангелді Имановтың, Әліби Жангелдин, Тоқаш Бокиннің ескерткіштері қаз-қалпында сақталып қалды. Неге кеңес билігі үшін күрескен бұл кісілердің ескерткіштері қаланың сыртына шығарылып, жойылмады? Өйткені бұлар қазақтар. Декоммунизация дегеніміз тек орыс большевиктерінің ескерткішін жою болып табылады екен” деп жазады Телеграм арнаның жазғышы.

Бұл арна туралы, арнаның арандатушы материалдар жариялайтыны туралы Democrat.kz ақпараттық порталы бұған дейін де хабарлаған болатын. Өкінішке қарай, әлі күнге дейін қазақтарды кемсітіп, кез келген дүниеден ілік іздеп, шимай-шатпақ дүние жазатын, он мыңдаған оқырманы бар Телеграм арна үшін тиісті шаралар қолданылмады.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.