Салтанат Нүкенованың анасы ашуға ерік берді
Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы өтіп жатқан сотта Салтанат Нүкенованың анасы эмоциясын ұстай алмады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бишімбаев куәлік бере бастаған кезде марқұмның анасы орнынан тұрып, өз эмоциясын ұстай алмады.
«Мен әйелім Салтанатты қасақана, саналы, жоспарлы түрде ерекше қатыгездікпен өлтіру дерегін мойындамаймын…», — деп бастады сөзін Бишімбаев.
Осы кезде марқұмның анасы ашуланып кеткен.
«Тоқта, қалай ерекше қатыгездікпен (мойындамайсың – еск.)? Мен қызымды көрмедім, жерлемедім, бетін көрмедім. Қалай оны ешқандай қатыгездік көрсетпей ұрдың? Мұны қалай айтып тұрсың? Олар маған көрсетпеді, өйткені мен тек осы балам үшін өмір сүруім керек», — деді ол.
Осы кезде әйел баласы және Салтанаттың ағасы Айтбек Амангелдіні нұсқады.
«Сен оны бірнеше сағатта өлтірдің. (…) Оны сегіз сағатта өлтірдің. Өткеніңді айтып берейін бе? Баланы қалай өлтірдің», – дейді процеске қатысушы.
Судья Айжан Құлбаева қатысушылардан сот залында тәртіпті сақтауды сұрады.
«Басқа бөлмеге өтіңіз немесе сот залында тыныштық сақтаңыздар», — деді Құлбаева.
Фото ашық дереккөзден алынды.