Әнші Қарақат: «Енді өкінгеннен еш қайыр жоқ»

0
660

Әнші Қарақат Әбілдина өзіне қатысты шыққан хабарларға қатысты пікірін білдіріп, парақшасында жазба қалдырды деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы.  

”Айналайын ҚАЗАҚ ЕЛІ!
Еліміздегі қиын жағдай барлығымызға ауыр тиіп отыр. Тілсіз жау айтып келмейді. Болған іс болды, бояуы сіңді, енді өкініп, өксігеннен еш қайыр жоқ. Елімізде соңғы уақыттарда трендке айналып бара жатқан жағдай, кінәлі тұлғаларды іздейміз енді.

Кінәлі лауазымды тұлғаларды анықтап, тәртіптік жазасын береді-мыс билік. Одан не өзгереді?! Жау кеткен соң қылышыңды “басқа шаппа “ деуші еді үлкендер. Кінәліні жазаға тартқаннан топан суға кеткен қарапайым халықтың үйі мен дүние-мүлкі қайтып қалпына келмейді.

Опат болған төрт түлігі қайтып тіріліп кетпейді. Бұл жағдай болмай тұрып алдын алудың амалын жасамағаннан кейін айттың не, айтпадың не?!
Апат айтып келмейтіндігі айдан анық дүние ғой…

Осы кезде жетісіп жүрген кім бар?! Кейбір өсекші сайттар жазғандай, біз шет елге бала-шағамызды тастап туған күн тойлауға келген жоқпыз. Жеке басымыздың шаруасымен жүрміз. Осы орайда тілегім, жаратқан ешкімді ешқашан денсаулықпен сынамасын.

Туған күніме ниетін білдіріп, елеп-ескерген жақындарыма алғысымды білдірген видеоның астына қалдырған пікірлеріңізді де оқып шықтым.
Еш ренжімеймін. Бір ғана айтарым, Қасиетті айда тұрмыз, ғайбатқа ілесіп күна арқаламасаңыздар екен… Ешкімнің өмірін талқыламай, өз өмірімізге жауап беріп алсақ жөн болар еді.

Өнер адамдары қайырымдылықтан тыс қалып жатқан жоқ. Қорлар ашылып, үлесімізді қосып жатырмыз. “Жау жағадан алғанда, бөрі етектен ” деген, берекемізді қашырмайық ағайын!
“Ел бірлігі — ұлы күш” елдігіміз осындайда сыналады емес пе?! Бәле іздемей, зиянымызды тигізбей, бір-біріміз үшін дұғада болайық!
Алла өзі жеңілдігін берсін!” деп жазды әнші.

Фото ашық дереккөзден алынды.