Ресейдегі су тасқынының шығыны қанша?

0
220

Орынбор аймағындағы Орал өзеніндеге су деңгейі қауіпті межеге жетті деп хабарлайды Democrat.kz.  ақпараттық порталы РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Бұл туралы қала мэрі “Орынбордағы Орал өзенінің су деңгейі 910 см-ге жетті. Ең қауіпті деңгей — 930 см. Ал Сакмара мен Татарстанның Қарғалы өзендерінің су деңгейі 811 см-ге жетті”деп жазды Телеграм арнасында.

Жергілікті билік өкілдері Кузнечный ауылы тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары басталғанын мәлімдеді. Орынбордың маңындағы Старица саяжайын су басты. Сонымен қатар ағын су қаланың оңтүстігіне жетіп, көп қабатты үйлерге жақын қалған.

Аймақта федералды төтенше жағдай жарияланды. Облыстың қазіргі таңдағы шығыны шамамен 21 млрд рублей деп болжануда. Төтенше жағдай сонымен қатар Қорған, Түмен облыстарында да жарияланды.

Фото ашық дереккөзден алынды.