Имамның әйелдерді ұруға шақыратын видеосы дау тудырды

0
223

Белгілі имам Ризабек Батталұлының  бұрынғы видеосы қайта жарияланып, көпшілік арасында үлкен пікірталас тудыруда деп жазады Democrat.kz.

Видеода имам былай дейді:

Үшінші қағида бар. «Не дейді? Ұрыңдар. Мұхаммед Пайғамбарымыз (С.Ғ.С) жарақатталып, дене мүшесін сындырып қоймайтындай деңгейде нұқып алу керек. Сондықтан қазақтың үйінде неге қамшы ілініп тұрған? Әйел қамшыны көрген кезде тәубасына келетін болған, — дейді имам.

Имамның бұл видеосы ескі. Алайда видео астына жазылған пікірлер жап-жаңа. Демек, дәл қазіргі видео болса да қолдаушылары жеткілікті болғаны ма?

Имамның бұл видеосы көпшіліктің ашуын тудырды. Алайда өкінішке қарай, имамның ір сөзін дұрыс санап, хадисте айтылғанды орындау керегін жақтағандар тіпті көп. Бұл нені білдіреді?

@ulysmedia

«Ұрыңдар! Үйлеріңде қамшы болсын!» — Ризабек Батталұлының сөзі желіде қызу талқыланып жатыр

♬ оригинальный звук — UlysMedia

Фото ашық дереккөзден алынды.