Ресейдегі су тасқыны саяси мәселені ушықтыра ма?

0
175

Ресей президентінің Ресей Федерациясының Орал федералды округіндегі өкілетті өкілі Владимир Якушев Қазақстанды Ресей аймақтарындағы су тасқыны үшін айыптады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Путиннің өкілі не деді

– Бізде осындай қыс болған кезде, қардың жеткілікті мөлшері жинағалнда әрі су қоймасында судың жеткілікті үлкен қоры жиналған кезде әріптестерімізбен [Қазақстаннан] дұрыс және біркелкі болуы үшін су қоймаларындағы суды ағызу келісілген, — деді Владимир Якушев РБК-ға берген сұхбатында.

Владимир Путин өкілінің пікірінше, ағынды су реттелсе, Ресей Федерациясының Қорған және Түмен облыстарындағы су тасқыны мәселесін болдырмауға болады.

Естеріңізге сала кетейік, 9 сәуірде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлескен су тасқыны жағдайын талқылады.

Қазақстандағы су тасқыны

Естеріңізге сала кетейік, соңғы апталарда Қазақстан қатты су тасқынына ұшырады. Тоқаев мұны соңғы 80 жылдағы ауқымы мен салдары бойынша ең үлкен табиғи апат деп атады.

Қазақстанның он облысында жергілікті ауқымдағы ТЖ режимі жарияланды (Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстары).

ҚР Бас прокуратурасы Қазақстандағы су тасқынының салдары туралы мәлімдеме жасады. Өздерінің қызметтік міндеттеріне немқұрайлы қараған шенеуніктер тексеріледі. Тоқаев шығындарды өтеуге уәде берді.

Ulysmedia.kz Қазақстанда су тасқынына қарсы тұруды неге үйренбейтінін түсінуге тырысып, соңғы су тасқыны мен онымен байланысты проблемалардың тарихын келтірді.

Ресейдегі су тасқыны

Жайық өзенінің суы Орск пен Орынборды басқаннан кейін, төтенше жағдай енгізілген Ресей Федерациясының Қорған және Түмен облыстарында эвакуация басталды.

8 сәуірде, Орскідегі бөгет жарылғаннан кейінгі үшінші күні жергілікті тұрғындар су тасқынынан зардап шеккендерге төлем талап етіп, Комсомол алаңындағы әкімшілік ғимаратына митингке шықты. Алаңға жиналған адамдар «Путин, көмектес!» және «Позор!» деп ұрандатты.

Біраз уақыттан кейін акцияға қатысушылар тобы әкімшілік ғимаратына Ресей Федерациясының Орынбор облысының губернаторы Денис Паслермен кездесуге шақырылды. Ол келушілерге телефонсыз болуды талап етті.

Фото ашық дереккөзден алынды.