Имам некесіне заңмен тыйым салуды ұсынды

0
207

Қазіргі кезде мешітте тек имам некесін қиюмен шектелетіндер көбейді. Осыған байланысты Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов өз пікірімен бөлісті деп хабарлайды Democrat.kz. Ақпараттық порталы.

Мәжіліс депутаты соңғы уақытта қазақстандықтардың арасында мешітте имам некесін қию үрдісі белең алғанын айтады. “Елімізде некесін қию және оны заңды тіркеу ғана заңды неке саналады. Яғни, ерлі-зайыптының мешітте, шіркеуде қиған некесі заңды неке болып саналмайды.

Бұлай неке қию заңсыз болып табылады. Біз — зайырлы мемлекетпіз. Қазақстанда заңмен бекітілген ережелер бар” деген Асхат Аймағамбетов бұл мәселеге қатысты қауіптің барын да жасырмады. Сонымен қатар депутат Аймағамбетов заңды неке куәлігі болмаған жағдайда мешіт, шіркеулерде неке қиылса, ондай азаматтарды жауапкершілікке тартуды ұсынды.

Қазақстан Республикасының заңында екі немесе одан да көп әйел алуға тыйым салынған. Соған қарамастан, елімізде соңғы уақытта түрлі діни ағымның өкілдері имам некесін қиып, бірнеше әйелге үйленіп жүргені жасырын емес. Мың жерден діни сенімі мықты болса да, Қазақстан — Ислам мемлекеті емесін, бұл ел шариғатқа емес, заңға бағынатын ел.

Алайда қоғамды жайлаған білімсіздік салдарынан бірнеше әйелді имам некесімен алып, ойына келгенін жасап жүргендердің кейбірі “талақ” деген әдіспен талай қыздың тағдырын да талқандап жатқаны жасырын емес.

Фото ашық дереккөзден алынды.