РФ Орск қаласында жағдай тұрақталмады

0
135

 Ресейдің Орск қаласы тасқын кесірінен сусыз қалып, мектеп оқушыларының бәрі қашықтан білім алу режиміне көшті деп хабарлайды Democrat.kz. Ақпараттық порталы 24.kz-ке сілтеме жасап.

Перзентхана кешелі бері жабық тұр. Осыған байланысты жаңа туған нәрестелер мен жүкті әйелдер Орынбор қаласына көшіріліп жатыр. Айта өтейін, қазір Орскте Жайықтың деңгейі 5,5 метрден асады. Соның салдарынан 5 мыңнан астам үй мен аулаға су кірген. 2,5 мың тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Оның 801-і бала.  Орынбор қаласындағы ахуал да мәз емес. Жайықтың деңгейі 10 метрден асады. Шаһарда 17 мыңнан астам үй мен ауланы су басқан. Жалпы, бүкіл облыс бойынша 13 ауданда 25 көпірді су шайып, көлік қозғалысы толығымен тоқтаған. Тасқынға тосқын қою үшін қазір төтенше жағдайлар қызметкерлері күні-түні тынымсыз еңбек етіп жатыр. Ал билік өкілдері зардап шеккен азаматтарға өтемақы беруде. Осы уақытқа дейін 30 мыңнан аса тұрғын төлемақы алған. Алдағы уақытта тағы 34 мың азаматқа жәрдемақы берілмек.

Фото ашық дереккөзден алынды.