Олжас Бектенов: Жағдай тұрақталып келеді
Премьер-министр Олжас Бектеновтың айтуынша, қазір жағдай біртіндеп тұрақталып келеді. Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында қауіптің беті қайтқан. Өте күрделі ахуал қалыптасқан Петропавл және Құлсары қалаларында су тартыла бастаған.
«Үкіметте, Төтенше жағдайлар министрлігінде, өңірлерде жедел штабтар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Проблемалардың барлығы жергілікті жерлерде жедел қаралып, шұғыл шешімдер қабылданды. Өткен аптада залалды өтеу жұмыстары басталып кетті. Зардап шеккендерге келтірілген шығындарды өтеу тәртібіне түзетулер бекітілді. Кеше мен тиісті қаулыға қой қойдым», — дейді ол.
Бектеновтың сөзінше, бүгінге дейін 11 мыңға жуық отбасы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төлем алған. Бұл – үлкен жұмыстың басы ғана дейді ол. Бектеновтың айтуынша, оған қосымша тағы 150 айлық есептік көрсеткішке дейін төленеді. Оған адамдар тоңазытқыш, үстел, орындықтар, ыдыс-аяқ, киім-кешек сияқты жоғалған бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып ала алады. Сондай-ақ кәсіпкерлердің шығындары өтеледі.
«Азаматтарға айтатыным, сабырлық сақтаныңыздар. Ешкім де көмексіз қалмайды Бұл мәселелердің барлығы Президенттің және менің жеке бақылауымда. Сондықтан біз осы сынақтан аброймен өтеміз деп білемін. Дегенмен кейбір өңірлерде тасқын қаупі әлі сейілген жоқ. Өзендерде су деңгейінің көтерілу фактілері тіркелуде», — дейді ол.
Бектенов бірқатар тапсырма беріп отыр. Біріншіден, төтенше жағдайлар министрлігі әкімдіктермен бірге су тасқынына байланысты жағдайға бақылауды күшейтуді жалғастырады. Бектенов қажет болған жағдайда шұғыл әрекет етіп, халықты көшіруді қамтамасыз етсін. Қайталап айтамын, керек болса, мәжбүрлі түрде көшіру қажет екенін атап өтті.
«Екіншіде, экология министрлігі су объектілері мен өзендерде гидробекеттер санын ұлғайтуы қажет. Үшіншіден, өңір әкімдіктері су басқан үйлерді, ғимараттар мен нысандарды тез арада техникалық тексеруді аяқтасын. Су кеткен жерлерде көпке созбай, тасқыннан кейінгі тазарту, дезинфекциялау және қалпына келтіру жұмыстарын бастау қажет. Төртіншіден өнеркәсіп министрлігі тұрғын үйлерді, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды қалпына келтіру бойынша жергілікті жерлердегі барлық жұмыстарды үйлестіру үшін жедел топ құруы керек”, – дейді ол.
Құрылыс және жөндеу жұмыстарының нақты жоспарын жасап, оның барлығын барынша қысқа мерзімде аяқтау жүктеліп отыр.
Фото ашық дереккөзден алынды.