Ресей мен Тәжікстанның арасы суыды

0
197

Тәжікстан Ресейдегі азаматтарына деген теріс көзқарасқа алаңдаушылық білдірді деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы Nur.kz-ке сілтеме жасап.

Осыған байланысты Ресей елшісіне нота табысталды, деп хабарлады Тәжікстан Сыртқы істер министрлігі таратқан хабарламасында.

«29 сәуірде Ресейдің Тәжікстандағы елшісі Семён Григорьевке Тәжікстан Сыртқы істер министрлігі нота табыс етті, онда Тәжікстан азаматтарына қатысты қатаң теріс көзқарастың жаппай көрініс алуына алаңдаушылық жазылғаны айтылды.

Ресей Федерациясы аумағындағы Тәжікстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтары бұзылғаны айтылды», — делінген Тәжікстан Сыртқы істер министрлігі таратқан хабарламада Нотада мұндай әрекет тек Тәжікстан азаматтарына қатысты екені, бұл дәстүрлі тәжік-орыс қарым-қатынасына сай келмейтіні атап өтілген.

Фото ашық дереккөзден алынды.