«Келінжанға» көрермені реніш білдірді

0
255

Актриса Дариға Бадықова  бір көрерменін ренжітіп алды деп жазады Democrat.kz. ақпараттық порталы әлеуметтік жазбаларға сілтеме жасап.

“Дариға Бадықоваға менің жазған постым жетіпті. Сол постыма жауап беріпті. Бадықова ханым дұрыс ақпарат беріп тұрған жоқ. Мен ешкімге суретке түспеді деп ренжімедім. Мені ренжіткен тәкаппарлық! Менсінбеушілік! Өркөкіректік!

Адамның намысын жер ететін біртүрлі адами қылыққа жатпайтын мінезіне ренжігенім рас. Ол кісі егер «жоқ, бос емеспін, асығыспын» деп о бастан суретке түспей қойса түсінер едім. Бірақ түсуге келісіп тұрып, камераң ашылмай тұрғаны үшін нервысы кетіп қалғанын түсінбедім.

Қаумалаған адам да болмады ғой, жанымызда. Ғимаратқа кіргеніне көп болмаған. Неге асыққанын ұқпадым, шыны керек. «Битке өкпелеп, тоныңды отқа өртеме» деп жатыр. Расымен, қазақта кинотуынды көп қой. Шығады талайы. Басқаларына да барам, көрем. Сіз тәкаппарлық танытты екен деп бүкіл кино туындыларға байкот жариялап отырған мен жоқ.

Сондықтан еш, алаңдамаңыз! Айтпақшы, балалармен суретке түсем депсіз. Олар періште ғой. Оларға тәкаппарлық танытуға болмас, сірә.

Ағайынға жақпай қалуың мүмкін деп айтыпты. Ағайын арасындағы ренжіс бөлек. Бірақ сіз халық ортасында жүрген соң, өзіңізді сыйлаған халықты, сіз де сыйлап үйренуіңіз, қарапайым этикет! Мәдениеттілік!

Сіз өнер мен мәдениетіміздің, кино сынды көркем өнердің басы-қасында жүрген жансыз. Қарапайым халықпен кездесуде сол этикетті сақтамасаңыз, мен секілді талай көрерменіңіздің көңілін қалдырасыз” деп жазба қалдырды Сабина Иманбаева атты актрисаның көрермені.

Фото интернеттен алынды.