Алматыда Би-2 тобының концерті өтпейді

0
261

Алматыда ресейлік «Би-2» тобының музыканттары өздерінің концерті өтпейтінін жария етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Біз Қазақстанда тамыз айының соңында өтетін FAMILY ROCK FEST-те өнер көрсете алмайтынымызды өкінішпен хабарлаймыз. Ұйымдастырушыларға барлық күш-жігері үшін алғыс айтамыз. Болашақта осы тамаша фестивальде өнер көрсетуді асыға күтеміз”, – деп жазды “Би-2” тобы.

Алайда музыкалық топ өнер фестиваліне қатыспауларының нақты себебін атамады.

Еске салайық, бұған дейін Румыниялық әнші Inna Қазақстанның ірі қалаларында өтетін концерттерін наурыздың алғашқы күндерінен сәуірдің соңына ауыстырғанын жазған едік. Мұндай шешімге Алматыда болған жер сілкінісі себеп болған.

Фото интернеттен алынды.