Күннің ыстығында жұмыс уақытын қысқарту ұсынылды

0
120

Ауа райының ыстық болуы жұмыс істеудің тиімділігін нашарлатады. Әсіресе ашық аспан астында немесе климаттық бақылау жабдығы жоқ бөлмелерде жұмыс істейтіндер үшін қиын.

Роспотребнадзор (Ресей — еск.) ауа температурасының жоғарылауы жағдайында сақталуға тиіс бірқатар ұсыныстарды еске салды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Astana TV-ға сілтеме жасап.

Егер кондиционер болса, бөлме температурасын 24-25 градус деңгейінде болғаны жөн. Кондиционері жоқ жұмыс бөлмесіндегі температура 28,5 градус жетсе, жұмыс күнін бір сағатқа қысқартқан жөн; 29 градусқа дейін көтергенде — 2 сағатқа, ал бөлме 30,5 градусқа дейін қызған жағдайда — 4 сағатқа қысқартқан дұрыс.

«Дене қызып кетпеуі үшін (гипертермия) жұмыс режимін дұрыс ұйымдастыру қажет. Ашық аспан астында және 32,5 градус және одан жоғары температурада 15 — 20 минут істеп, кейін желдеткіші бар бөлмелерде кемінде 10 — 12 минут демалу керек», — делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ауызсу жеткілікті мөлшерде және қолжетімді жерде болуы керек. Ауызсудың, сусындардың, шайдың ұсынылатын температурасы +10 – 15 градус.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.