Аталарымыздың даналығын мақтан тұтайық!

0
161

Әлі әлем ғылыммен айналыспай тұрған уақытта, қазақтарда ғылыми түйсік болған. Дәлелі мынадай:

1.Марс планетасының қызыл түсті құмнан тұратынын ғалымдар жақында анықтады. Ал біздің қазақ ежелден оны «Қызыл жұлдыз» деп атаған. Қазақ оның қызыл екенін қайдан білген? Оны жерде тұрып анықтау мүмкін емес қой.

2.Ғалымдар Сириус жұлдызын күннен кейінгі жарық жұлдыз деп, ал оның екеу екенін, біреуі анда-санда көрінетінін анықтап естерінен танды. Оны бүкіл әлемге жар салып оларға Сириус 1 және Сириус 2 деп ат қойып жаңалық ашты.

Ал біздің қазақ оны ежелден-ақ екеу екенін біліп, оларды теке сүмбіл және лақ сүмбіл деп атады. Лағы жылына бір мәрте көрініп, текенің артына тығылып, жартылай көрініп, екеуі қосылып жарық болатынын қайдан білген сонда атам қазақ? Космосқа барып келгенбіз ба сонда?

Ғажап қой бұл!!! Неге мақтанбаймыз ата-бабамызбен, неге жерге ұра береміз ата-бабамызды? Неге біреулерге телміртіп қоямыз оларды? Оларды көтермелейтін ұрпағы біз емеспіз бе? Қалай біз осындай кемеңгер ата-бабамызды екінші орынға, ал басқа біреудің ата-бабасын бірінші орынға қойдық???

3.Қазақ атам жұлдыздардың айналып, тұратынын және олардың қай уақытта көрінсе ауа-райының солай болатынын және жер қозғалатынын білген. Ол жұлдыздарды айналдырып ұстап тұратын ортада бір жұлдыз бар екенін білген. Оның және бар жұлдыздар айналып тұрушы қазық екенін және ол жұлдыздың құрамында темір оксиді мол екенін білген де дәл атаған Темірқазық деп.

Ал енді осыдан кейін де ежелгі қазақ атамды жуынбаған, мәдениетсіз, ғылым-біліммен ісі болмаған деп айтып көрші. Оны тек қазақтың дұшпандары айтады. Бұл тек бірнешеуі ғана. Әлі қаншасы бар,оны жазып отыруға уақыт жоқ.

Атам қазақ бізге «Шежіре» программасын нықтап мирас етіп кеткені өз алдына бір кітап. Әттең біздің қазақтың бір қателігі бұл ғылым жаңалығын дүние жүзіне паш етпегендігі.Бәлкім паш еткен болар, бірақ зұлымдар қазақ аталарымызды тұншықтырып, жаңалығын өртеп жіберген шығар..?! Кім білсін?

Рабиға СЕЙДУЛЛАЕВА-ның

Әлеуметтік желідегі жазбасынан.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.