«Азамат Сатыбалды шықсын!» деп ұрандатуда (ВИДЕО)

0
564

Бір жылдай жалақы алмаған «Қазақфильмнің» аниматорлары наразылық акциясын ұйымдастырды деп хабарлайды Democrat.kz. ақпараттық порталы. 

Наразы топ «Қазақфильм» киностудиясының аумағына келіп «Азамат Сатыбалды шықсын!» деп айғайлады. «Бұл не деген сұмдық? Бізге «шмон» жасауда. Айлығымызды неге бермей отыр?Бізге жандайшаптарын жіберіп «шмон» жасауда. «Алтын адамның» 80 миллионын қайтармай отыр»,-дейді Киногер одағының басқарма мүшесі Ерлан Төлеутай.

«Киноның қара шаңырағында бандиттік-пахандық режим орнады. Бұл сұмдық қой?»,- деген Ерлан Төлеутай басшылыққа өз талаптарын жеткізуді қалайды.