Әншінің 100 млн теңгелік үйі қайда?

0
3147

Бірер күн бұрын әнші Нұрғали Нүсіпжановтың қазір пәтер жалдап жүргені туралы хабар тараған-ды. Осыған байланысты қоғам белсендісі Төртуыл Шоқан әлеуметтік желіде жазба жариялады деп хабарлайды Democrat.kz. 

«Жасы 87-ге келген, 70 жыл қазақ мәдениетіне еңбек еткен мэтр-маэстро «Нұрғали Нүсіпжанов жалдамалы пәтер жағалап кетіпті…» дегенді түрлі сайттардан оқып отырмын.

Себеп: Шәуілдірлік бір алаяқ «жер үй аламын..» деп жинап отырған Ағаның ақшасын алып алдаған-мыс.

Мына суреттегі үй тура мен тұрып жатқан үйім секілді көрші үй.

Осы үйде Нұрағаның құны 100 млн-нан кем тұрмайтын 3-4 төрт бөлмелі пәтері барын маған Қайрат (тәңірші) марқұм біздің үйге келгенінде «Нұрғали ағамен көрші екенсің..» деп айтқаны бар-тын.

Кейін, беліне қызыл лента байлаған (қыз екені белгісі) «жас иіске» үйленгенде «ойбу» дегенім де рас еді.

Онысы «қайтсем ұл тауып берем» деп жүрген көрінеді. Ағамыздың өкініші де осы сияқты.

Бірақ, ол бала дүниеге келгенде Нұрғали бола ма, жоқ, Ұрғали бола ма, белгісіз ғой…

Жау алыстан келмейді ғой, ағайын. Жақсылап тексерсе, шындық шығады.

«Енді қартайғанда, өзі момын ақсақалға қиын болыпты» деп отырмын енді..» деп жазды Төртуыл Шоқан Facebook парақшасында.

Осы жазбаға орай пікір білдіргендердің бірі «елге сыйлы кісі, бір ғана үйі болуы мүмкін емес қой», «Мемлекеттен алған пәтерлері бар еді», «обал болған екен» десе, енді біреулер «жазбаңызды оқып түсіндік, не айтпақ болғаныңызды» деп астарлы жауаптар жазуда.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.