Көп балалы ана балконнан секіріп кетті
Астанада 1990 жылы туған 5 баланың анасы балконнан секіріп кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Оның ең кіші баласы — 1 жаста. Күйеуі басқа қалада болған. Куәгерлер екеуінің арасында ұрыс-керіс болғанын айтады.
«Бала туғаннан кейінгі депрессияны жоққа шығаратындар осы оқиғаға қатысты тағы бір рет ойланса екен. Мұндай оқиға кез келген адамның басында болуы мүмкін. Аналарымызға қамқор болайық», — дейді оқиғаның куәгері.
Астана қаласының полиция департаменті жағдайды растады.
«Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабының негізінде өзге де ақпарат жария болмайды», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір балконнан секірген көп балалы ананың не тірі, не өлі екені белгісіз. Azattyq Rýhy тілшісі жауапты органдардан осы мәселені анықтап жатыр.