«Арабтың үшінші әйелімін» дейді қазақ қызы

0
571

Әлеуметтік желіде арабқа үшінші әйел болып тиген қазақ қызының видеосы тарады деп жазады Democrat.kz. 

Динара Әбілда атты қазақ қызы өзінің ғажайып ертегі секілді өмірін Тик Токта видео етіп жариялап жүр.

Миллиондаған көрерменіне: «Менен біреулер сұрайды, «арабтың бесінші, алтыншы әйелісің бе?» дейді. Құдай сақтасын, мен арабтың үшінші әйелімін. Көбі сұрайды неге үшінші әйел болып тидің деп. Арабым маған барлық жағдайды жасап тұрғанда неге үшінші әйел болып тимеске?.» деген Динара Әбілда өз парақшасын байлықта шалқып жүрген әйелдің өмірі етіп түрлі видеоларын салып отырады.

Осы өмірін өзгелерге де насихаттап, өзі де мақтанатыны анық көрінеді.