Абай Бегейдің 15 жасар қызын алып қашып кетіпті

0
280

Танымал әнші Абай Бегей екінші қызын алып қашып кеткендерге батасын беріп, құда атанды, деп хабарлады politico.kz.

Айта кетсек, оның Сымбат есімді қызы өзінің туған жері – Маңғыстау өңіріне келін болып түсіп отыр. Бұл жаңалықты желіге әншінің зайыбы жариялады.

Ақтауға отбасымызбен демалып келеміз деп, ұшуға бір-ақ күн қалғанда, «үйдің ортаншы қызы Сымбатты алып қашып кетті» деген хабар жетті. Барлығымыз Алматыдамыз, Ақтаудан нағашы апаларын жіберіп, қызды бірден алып кеттік. Не үшін? Бұл жерде ешқандай менсінбеушілік немесе қарсылық танытқанымыз емес, әкесінің талабын орындау болды, – дейді Фариза Жұманова.

Бұл ретте Абай Бегейдің талабы қандай еді десеңіз, ол «Қандай ел екенін, ата-анасын, жігіттің өзін көрмей, ешқандай қызымды бермеймін» деген. Содан соң Ақтаудан Алматыға бірден жігіттің ата-анасы, ауыл үлкені барып, әкесінің алдынан өтіп, уәделерін беріп, рұқсатын сұраған.

Әкесі де өз ауылымыздың үлкендерімен, жан-жағымен ақылдаса келе, екі күн ойланып, «Келген ел көргенді, жөні түзу, сөздері дұрыс адамдар екен. Қызымның таңдауын құрметтеймін» деп батасын берді, – деп жазды әйелі.

Ал желі қолданушылары қазір ол жазбаға түрлі пікір білдіріп жатыр.

Соның ішінде «Сымбат биыл ғана 9-сыныпты бітірді ғой, ерте емес пе?», «Тұрмыс құруға ерте емес пе?» деген екі сұрақ бар. Әзірге екеуі де жауапсыз.

Фото интернеттен алынды.