«ТикТок тақуалықтан айырады» дейді блогер қыз (ВИДЕО)

0
458

Былайғы жұртқа хиджабын шешкен қыз, пайғамбарды түсінде көрген қыз деп танылған блогер Назерке намазхан қыздарға ақылын айтты деп жазады Democrat.kz.

Бұл туралы ол ТикТоктағы тікелей эфирде айтты. «Бұрын тақуа едік. Инстаграм, ТикТок дегенге көп кірмейтінмін. Орамалдағы қыздарға айтарым, шығып кетіңдер. Ертең орамалдарыңды шешіп кетесіңдер мен құсап. Екі жыл ғана жетті маған шайтанның жұмыс жасауға. Кешегі күні ТикТокта кейбір бетін жауып жүргендер қазір «проститутка» боп кетті»,- деген блогер Аллаға шүкіршілігін айтты.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.