«45 жаста өлімге дайындалудың қажеті жоқ»

0
240

Англияда білім алып жатқан әнші, актриса Айгүл Иманбаева шетелден көрерменіне сәлем жолдап, өз ақыл-кеңесін айтты деп хабарлайды Democrat.kz. Ақпараттық порталы.

“Сәлем достар! Бір жыл бойы Ұлыбритания елінде “Болашақ”бағдарламасымен “Art Management “мамандығы бойынша білім алып жатырмын. (айтпақшы “Болашақтың “есігі кімгеде болса ашық)Бұйыртса жуырда ол оқуымды да аяқтауға аз қалды.

Ал мына бөлісіп отырған жаңалығым , Англия еліне келген соң ағылшын тілімді де жоғарғы деңгейге көтеріп,өремнің өрісін ,дүние танымымды кеңейту еді.Барша маған сабақ берген ұстаздарыма алғысым шексіз. Англия еліндегі ең мықты колледжінің бірі ол @inlingualeeds алғысым шексіз.

Достар дамимын,оқимын,өз әлемімді кеңейтемін деген жандарға еш уақытта кеш емес соны ұмытпаңыздар! Мен Англияға келгелі Лондон мен Лидс қаласында екі жерде білім алдым.

Қаншама жаны таза әр ұлттан жақын дос таптым,жанашыр туғанымдай болған сіңілі таптым. Англия мен Қазақстан елінің арасында шығармашылық тығыз байланыста болатын қаншама жоба қолға алынды.Әлемге есік ашылды.

Менің түсінгенім басыңдағы ”КОРОНАНЫ” шешіп тастап әлемге ашылсаң ,сағанда дәл солай әлемнің есігі ашылады.Тек тоқтамай білімді дамыту керек қай салада болсада.
35 жаста “ой кәрімін” деп, ал 45 жаста өлуге дайындалудың қажеті жоқ.

Ол біздің елдегі,біздің миымыздағы комплекс және қорқыныш.Және бір-біріміздің жетістігімізге қуанып,тілекші болған ең абзалы, сонда Құдай береді” деп жазады әнші, актриса Айгүл Иманбаева.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.