8 сәуір күн тұтылғанда не істемеу керек?

0
464

Биыл сәуірдің 8-і күні күн тұтылады. Алайда күннің бұл тұтылуын жер планетасының барлық тұрғыны көре алмайды деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы.

“Мәскеу планетариясы” баспасөз қызметінің хабарлауынша, 8 сәуір күннің тұтылуы Минск сағатымен кешкі 19:39 басталып, 22:55-те аяқталады. Бұл күні толық күн тұтылуы болып, күн айдың бетін тұтастай жабады.

Күннің тұтылуын Солтүстік Америка және Тынық, Атлан мқхиттары аралының тұрғындары анық көре алады. Ал Орталық Азия халық  бұл құбылысты көре алмайды.

Десек те, астрономиялық құбылыстың бүкіл жер шарының тұрғындарына әсері күшті болары сөзсіз дейді мамандар. Күн тұтылғанда, жан-жануар мазасызданып, аң-құстар ұяларына тығылады. Орнитологтар күн тұтылу кезінде құстар жолынан жаңылып, біраз сапырылысатын көрінеді.

Ал адамдарға келер болсақ, күннің тұтылуы ішкі жан күйзелісін арттырып, кейбіреулерді түсініксіз шаршау мен әлсіздік басуы мүмкін. Сонымен қатар бұл күні көп адамның қан қысымы жоғарылап, жүрек қағысы жиілеуі мүмкін.

Астрологтар күн тұтылғанда төмендегі нәрселерді жасамауға кеңес береді:

Қарызға ақша беру, қарызға ақша алу;

Төтеннен маңызды шешім қабылдамау;

Маңызды құжаттарға қол қоймау;

Жаңа жобаларды қолға алмау;

Қымбат мүлік алмау;

Ұрыс-керіске жол бермеу;

Жұмыстан кетуге арыз жазбау;

Жаңа үйге көшпеу;

Саяхатқа, ұзақ жолға шықпау;

Шаш боятып, кестірмеу;

Түрлі өсімдікті топыраққа екпеу;

Арақ-шарап ішпеу;

Сонымен қатар мамандар күн тұтылған уақытта мейлінше жақсы ойлар ойлап, жан мен тәнді барынша тынықтыру керегін айтады.

Фото ашық дереккөзден алынды.