АҚШ асырап алған 104 баланың тағдырын білмейміз — Дархан Қыдырәлі
Сенат депутаты Дархан Қыдырәлі қазақстандық жетім балалардың тағдырына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Сенатордың айтуынша, АҚШ асырап алған 104 баланың тағдырын білмейміз.
«1999 жылға дейін шетелдіктер асырап алған жетім балалар туралы мәлімет жоқ», — дейді Дархан Қыдырәлі.
Осы орайда шетел асқан кәмелетке толған балаларға Қазақстан азаматтығын алуға көмектесуді сұрады.
Айта кетейік, 2013-2019 жылдар аралығында 157 бала шетел асса, соңғы 4 жылда бір бала шетелдіктерге асырауға берілген.
Фото ашық дереккөзден алынды.