Ақшасы жоқтар жаназасыз кете ме?

0
218

Азаматтар бұлай жалғаса берсе жағдайы жоқтар жанасыз кететіндігін айтып күйінеді, деп хабарлайды Democrat.kz. Ақпараттық порталы  Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап.

Бұл жағдай туралы телеграмм арналардың бірі жазды.

Автордың айтуынша Арыстық имамдар жаназа шығару құнына белгілі бір ақы бекітіп қойған. “Қуаныш пен қайғыны ажырата алмаса бір-бір мешітте даңғарадай сәлде киіп несіне жүр десеңші?” дейді ол.

“Біздің Арыста участкелік имамдар жаназа шығаруға 30 мың теңге деген ставка қойып қойыпты. Неге деген сұраққа «беташарға» да бересіңдер ғой деген уәждері дайын дейді. Қуаныш пен қайғыны ажырата алмаса бір-бір мешітте даңғарадай сәлде киіп несіне жүр десеңші?

Тұра бара жағдайы жоқтар жаназасыз кететін түрі бар қысқасы. Бұрындары қазіргі қаланың Бас имамының алдында екі азамат қызмет еткен. Олар бар кезде осылай жаман аттары шықпаған болатын учаскелік имамдар арасында. Бәленің барлығы қазіргі Бас имамда ау деп отырмын,”- дейді қоғам белсендісі.

Бұл жазбаны желідегі азаматтар қызу талқылап жатыр. “Біздің ауылда жаназа шығару 80 мың”, “Осыларды орнына қою керек” деп жазған желі қолданушылары. Арасында “олар да адам ғой”, “ғайбат сөйлемеңдер”, “клубқа да тегін бармайсыңдар ғой” деп жазғандары да бар.

Фото интернеттен алынды.