Алматы қаласының NEET санатындағы жастар арасындағы шағын футболдан турнир мәресіне жетті!

0
94

Сәуір айында Алматы қаласында «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында шағын футболдан іріктеу ойындары өтті.

Оған «Қырғауылды», «Арлан», «Батыр», «Бақорда», «Арасан», «Алтын орда», «Жұлдыз», «Ақбұлақ» «Саламат», «Барыс», «Байсат», «Қазына», «Арғымақ», сауда орталықтарында жұмыс істейтін жастардан құралған 16 команда қатысты.

Жыл сайын дәстүрге айналған «Дүйсенбілік спорт» Жобасының тапсырыс берушісі – Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы. Оны ұйымдастыру биыл байқау құжаттарына сәйкес «Social project management» орталығы» қоғамдық қорына жүктелді.

Турнир екі алаңда қатар өтті

Алғашқы іріктеу кезінде 16 команда екі топқа бөлініп, өзара іріктеу ойындарын өткізді. Нәтижесінде 16 команда ішінен 8 команда ширек финалға суырылып шықты. Олар «Батыр», «Қырғауылды», «Алтынорда», «Алтын орда2», «Арлан» «Арлан2», «Арасан», «Барыс» командалары. Турнир ережесіне сай ширек финалда «Батыр» мен «Қырғауылды2», «Алтын орда» мен «Алтынорда2», «Арлан» мен «Арасан», «Барыс» пен «Арлан2» командалары бақ сынасты.

Бірінші алаңда «Батыр» мен «Қырғауылды2» командалары арасындағы ойын барысында Қырғауылдықтар командалық пас беруде ұйымшылдық жағынан қарсыластырынан бір саты жоғары тұрды десек болады. Олар екі тайм қорытындысы бойынша Батырлықтардың қақпасын екі гол салып,  ойын 1:2 есебімен аяқталып, «Қырғауыл» командасы келесі кезеңге өтті.

Осы аталған алаңдағы екінші ойын «Алтын орда1» мен «Алтын орда2» арасында өз ара сайысқа түсіп, 2:1 нәтижесімен «Алтын орда1» командасының жігіттеріне жол берді.

Екінші алаңда ойнаған бірінші ойын есебі «Арлан» мен «Арасан» 2:1 болса, екінші ойын «Барыс» пен «Арлан2» 2:1 есебімен, «Барыс» басым түсті.

Жартылай финалдық сайысқа сүрінбей жеткен командалар арасындағы ойын тартысты өтті. «Қырғауылды2» мен «Алтын орда» командалары екі тайм бойы арпалысып, нәтижесінде «Қырғауылды2» ойыншылары жылт еткен мүмкіндікті жібермей, Алтынордалықтардың осал тұсын тауып, 1:0 есебімен финалға өтті. Ал жартылай финалдың екінші алаңдағы «Арлан» мен «Барыс» ойындарының қортындысы бойынша 1:2 есебімен, «Барыс» жеңіске жетіп, финалда «Қырғауылды2» командасымен бақ сынасатын болды.

Финал!

«Қырғауылды2» мен «Барыс» командалары Алтын медаль мен кубок үшін жан алысып жан берісті. Финалдық бәсекедегі екі команданың шабуылшылары бар айла-тәсілін қолданып-ақ бақты.  Дегенмен 1:6 есебімен «Барыс» командасының бағы жанып, Алтынды өз қанжығасына байлады.

Осылай «Барыс» командасы, «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында өткен шағын футбол турнирдің жеңімпазы атанып, кубокты иеленді.

Турнир қортындысы бойынша бірінші орын алған «Барыс» командасына 250 мың теңгенің, екінші орын алған «Қырғауылды2» командасына 150 мың теңгенің, үшінші орын алған екі команда «Арлан» мен «Алтын орда командаларына 50 мың теңгенің сертификаттары табыс етілді.