“Амал дәптері” сатылып жатыр

0
378

Соңғы кезде жағымсыздау бір құбылыс байқалады. Жасы бар, жасамысы бар. Орамал таққаны да жиі кездеседі. Желіде «саған бүкіл қалауыңды орындайтын, барлық қарыздан құтылатын, табыс табатын техниканы, яғни дұғаны үйретемін» деп жар салатындар көбейді.

Осылайша, дінді 1-2 дұғаны жиі қайталап, жылдам байып кетудің тиімді құралы ретінде көрсетеді. Бірақ көп еңбек ет деген ақылды естімедім. Ислами бизнес коучтер де шықты. Өткенде форумының жарнамасын жариялады.

Бір орамалды келіншек «Амал дәптерін» сатып жатыр екен. Ішінде дұға мен зікірлер жазылыпты. Жалпы, дін бойынша амал дәптер — о дүниеде берілетін пенденің бүкіл ісі мен сөзі жазылған дәптер деген ұғым. Соны біле тұра атауына байланысты осындай маркетинговый ход жасап отыр екен.

Бірден орта ғасырда католик шіркеуінің белгілі бір ақшаға күнәні кешіретін индульгенция сатқаны еске түсті. Әрине, дәл сондай болмаса да, сатылымдағы әлгі дәптермен параллель бар сияқты.

Елімізде діннің «дамуы» соңғы кезде басқа жаққа бұрылып бара жатқандай. Әрине, содан кейін исламның имиджіне дақ түседі.

p.s. жалпы, исламның адамзатқа жіберілудегі мақсаты «адамдарға жылдам байып кетудің жолын үйрету» емес еді ғой.

Нұрмұхамед БАЙҒАРАЕВ, журналист.

Facebook жазбасы.

Фото интернеттен алынды.