Әнші Қарақат неге жабырқады?

0
92

Атақты әнші Қарақат Әбілдина мереке қарсаңында балаларының мектептегі концерттерін өткізіп жіберуге тура келетінін, сондықтан олардан кешірім сұрайтынын айтты деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы «Голос народа» сайтына сілтеме жасап.

Әртістің айтуынша, мереке қарсаңында ол бірнеше жерде концерттерге қатысқандықтан мектепке баруға үлгермепті.

«Міне, мен тағы да концерттік дайындыққа кетіп барамын. Менің мамандығымның бір кемшілігі бар. Мен балаларымның мектептегі концертінде бола алмаймын. Олар мені күтеді. Бірақ менде уақыт жоқ. Барлық оқушылар аналарын құттықтаған кезде, менің балаларым бұрышта тұрған сияқты,өйткені олардың аналары жоқ. Олар мен үшін сонша күн дайындалды. Бірақ аналары бір концерттен кетіп, екіншісіне барады», — деп мойындады әнші мұңайып.

«Кеше Айсұлтан: «Анашым, мен саған арнап үш ән үйрендім», — деді. Менің қызым Аяла: «Сен менің концертіме келмедің, басқа студенттердің аналары келді», — деген кезде жүрегім ауырды.Бірақ олар түсінеді. Өйткені олар анасының жұмысы әрқашан халықпен байланысты екенін біледі. Мен қастарыңда болмасам да, әдемі өлеңдеріңді үйреніп, басқа аналардың құрметіне әндеріңді айтыңдар», – деймін оларға. Әр жұмыстың өзіндік қиындықтары бар. Жыл сайын мереке алдында менің көңіл – күйім осылай түседі», — дейді әнші.

Фото ашық дереккөзден алынды.