Бишімбаев ісіндегі сұмдықтың беті ашылып бастады

0
308

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша өтіп жатқан сот отырысында прокурор Айжан Аймағанова оқиғаның хронологиясын жариялады: Бишімбаев пен Нүкенова үйленген, бірақ олардың некелері заңды түрде тіркелмеген.

2023 жылдың тамыз айында Нүкенова үнемі болатын ұрыс-керіс пен соққыларға шыдай алмай, Павлодардағы ата-анасына барған, бірақ Бишімбаев оны қайтып келуге көндірген.

Қазан айының аяғында тағы да ұрып-соққан, сараптама қорытындысына сәйкес, Салтанат Нүкеноваға өліміне 3-4 апта қалғанда субдуральды гематома (ми жарақатымен байланысты) түскен.

8 қарашада Бишімбаев пен Нүкенова Дима Биланның концертінде жанжалдасып қалып,, шараны тастап, алкогольді сусындарға тапсырыс берген мейрамханаға барған.

Онда Нүкенова Бишімбаевтан шаршағанын, одан кететінін айтып, ағасына қонуға келетінін жазған, бірақ Бишімбаев жібермеген. Олар гастробарда жеке қарым-қатынастарын талқылауды жалғастырған.

Бишімбаев сатып алған заттары мен зергерлік бұйымдары үшін Нүкенованы боқтап, сөге бастайды. Салтанат болса бәрін шешіп, лақтырып жібереді. Бишімбаев ашуланып, қызды ұра бастаған. Сағат 6:56-да ол Салтанатты апарып тастау үшін парковкаға түсіп, күзетшілердің оны мұндай күйде көргенін қаламайды. Бірақ оны күзетші байқап қалып, ерлі-зайыптылар қайтадан мейрамханаға оралады.

Мейрамхананың фойесінде ол «өмірлік маңызды органдарға бірқатар соққылар беріп, басынан ұрып, шашынан ұстап, VIP-ке сүйреп апарады».

Салтанат әжетханаға қашып барып, есікті ішінен іліп алады. Бишімбаев есікті бұзып кіріп, ұруды жалғастырады. Ол есін жоғалтқанша оны қылқындырады. Нүкенованың тыныс алуы тоқтағанда барып оны босатқан.

Бишімбаев «Гастроцентрдің» директоры қызметін атқарған туысы Бақытжан Байжановқа телефон соғып, қызметкерлерді жұмыстан шығарып, бейнебақылау камераларынан бейнежазбаны өшіріп, телефонымен қаланы аралап, Бишімбаевқа алиби беруді тапсырған.

Осыдан кейін Байжанов келіп, мейрамханаға көтеріліп, Нүкенованы көреді, оның тұншыға демалып жатқанын, жұлынған шаштарын, сынған ыдыстарды, айналадағы қанды бәрін көрген.

Күндізгі сағат бірден кешкі жетіге дейін Байжанов VIP бөлмесіне қайта-қайта кірген.

Ол Салтанаттың қайтыс болғанын біліп, құқық қорғау органдарына хабарламаған.

Бірінші сот отырысында Қуандық Бишімбаев өз кінәсін мойындамайтынын айтып, БАҚ өкілдері мен алқабилердің қатысуымен ашық сот отырысын өткізуді сұрады.

 

Оңғар Қабденнің

Facebook парақшасынан алынды.

Фото ашық дереккөзден алынды.