Арыстанбек Мұхамедиұлына сот үкімі шықты
Арыстанбек Мұхамедиұлы аса ірі көлемде пара алуға әрекеттенді, оның әйелі Ысқақова пара алуда делдалдық жасады, адвокат Мұстахим Төлеев аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұрынғы министр мен оның сыбайластарына қатысты үкім шығарды.
«Сот үкімімен М. аса ірі мөлшерде пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылып, Қылмыстық кодекстің 58-бабының 3 және 6-бөліктері негізінде, 20.06.2023 жылғы Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен тағайындалған қатаң жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру жолымен қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға тыйым салына отырып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды», – делінген сот үкімінде.
Бұдан бөлек, оның жұбайы Ғалия Ысқақова парақорлыққа делдалдық жасағаны үшін кінәлі деп танылып (ҚК 368-бабының 1-бөлігі), оған өмір бойы мемлекеттік қызмет атқаруға тыйым салынып, 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Сот үкімі бойынша А.Мұхамедиұлының адвокаты Мұстахим Төлеев аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып (ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы), 10 жыл мерзімге адвокаттық қызметпен айналысу құқығынан айырыла отырып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Сот дерегінше, 2022 жылдың желтоқсанында тергеу изоляторында жатқан Мұхамедиұлы қамаудан босап, «Дипломат» қонақ үйін меншігінде қалдырғысы келген.
2022 жылдың желтоқсанында бұрынғы министрдің әйелі Төлеевке «Дипломат» қонақүйінің мәселесі оң шешілгені үшін 140 мың доллар берген;
2023 жылдың қаңтарында ол бұлтартпау шарасын өзгерту үшін тағы 120 мың доллар аударған;
2023 жылдың сәуір айында ол күйеуінің жазасын жеңілдеткені үшін Төлеевке тағы 100 мың доллар аударған;
2023 жылдың маусым айында ол ұлы арқылы адвокатқа 27 миллион теңге және 40 мың доллар аударған.
Еске салайық, Арыстанбек Мұхамедиұлы бірнеше іс бойынша айыпталды. Бұған дейін, экс-министр 8 жылға сотталған еді. Қосымша 3 жыл қосылып, жалпы 11 жылға сотталды.
Фото ашық дереккөзден алынды.