Желтоқсаншылар ЛГБТ-ға қарсы акция өткізді

0
170

Алматыда  Сәтбаев пен Желтоқсан көшелерінің қиылысындағы «Тәуелсіздік таңы» ескерткішінің жанында «Желтоқсан 86» қоғамдық бірлестігінің қатысушылары жиналып, ЛГБТ ұйымдарына қарсы акция өткізді. Акцияның тікелей эфирі facebook әлеуметтік желісінде жүргізілді.

Қоғамдық бірлестіктің ондаған қатысушылары арнайы рәсім өткізіп, адыраспан жағып, дұға оқыды.

Акцияға қатысушылардың бірі Гүлбахрам Жүніс «Желтоқсан 86» қоғамдық бірлестігінің атынан:

«ЛГБТ ұйымдары еліміздің мүдделері, болашағы мен гүлденген халқымыздың тағдырына қауіп төндірмес үшін оларға тыйым салу мақсатында біз мемлекеттен арнайы заң талап етеміз»,- деді.

Олар бұл талапты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа, премьер-министр Бектеновке, депутаттар мен халыққа жолдады. Олар сондай-ақ жыл сайын 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесінде митингтерге шығуға тыйым салуды талап етті.

Фото ашық дереккөзден алынды.