Ауылға көшсек, тегін үй бере ме?

0
74

Ауылда өз қызметкерлеріне арнап үй салғысы келетін кәсіпкерлерге 5 миллион беріледі. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі хабарлады, деп жазады Democrat.kz ақпараттық порталы.

Ауылдағы тұрғын үй мәселелерін шешу мақсатында өз қызметкерлері үшін жалға берілетін үйлер салған жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау тетігі іске қосылды. Осы тетік арқылы ауыл қызметкерлері үшін 14,3 млрд теңге сомасына 2 855 тұрғын үй салу жоспарланып отыр, — деді Марат Қарабаев.

Субсидия алу үшін жұмыс берушілер қызметкермен 5 жылға еңбек шартын жасасуы, сондай-ақ пайдалануға берілген тұрғын үйге ауыртпалықтардың болмауын қамтамасыз етуі қажет. Бұл ретте аумағында жұмыс берушілер тұрғын үй салуды жоспарлайтын ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің тізімдерін жергілікті атқарушы органдар айқындайды және бекітеді.

Аудан орталықтарының және облыс орталықтары, моно және шағын қалалары бар немесе агломерациялардың, функционалдық қалалық аудандардың құрамына кіретін 30 километрге дейінгі жақын орналасқан ауылдық округтердің тізімдеріне, ауылдарына, кенттеріне, ауылдық округтеріне енгізуге жатпайды, — делінген хабарламада.

Бекітілген ережелер 2024 жылғы 15 қаңтарынан бастап, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күннен кейін күшіне енеді. Қосымша ақпарат пен мәліметтерді Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми сайтынан алуға болады.

Фото ашық дереккөзден алынды.