«Балаларымызды қорғай алмадық!» деген депутат жылап жіберді

0
341

Түркияның Измир облысының Селчук ауданында бір үйдің бес баласы өрттен қайтыс болды деп хабарлайды Democrat.kz. түрік басылымдарына сілтеме жасап. 

Қараусыз қалған бір жастан бес жасқа дейінгі бүлдіршіндер түтінге тұншығып қалған. Бұл уақытта 27 жастағы анасы көне заттарды сату үшін базарға кетіпті. Ал балалардың әкесі бірнеше жыл бұрын ұрлық жасады деп сотталып кеткен.

Осы оқиғаға байланысты «Келешек» партиясының өкілі, мәжіліс депутаты Ахмет Давутоғлы арнайы мәлімдеме жасап: «Бес бірдей баламыз өлді… Айнаға қараудың өзі қиын.

Ұяттан, намыстан жерге кіріп кеткім келеді. Біздің имандылығымыз қайда? Біздің адамгершілігіміз қайда қалды? Балаларымызды осындай жағдайға жеткіздік.

Осы жағдайға түспеуі үшін ештеңе жасамадық. Балаларымызды қорғай алмадық…» деген Давутоғлы жылап жіберді. Мәжіліс депутатының «Біз кімбіз өзі?» деген сұрағы ауада ұзақ уақыт қалқып тұрды.

Дәл осы тұста Қазақстандағы дәл осындай оқиғалар еске түсті. Қай депутат, қай партияның адамы шығып, өтірік болса да, рөл ойнаса да, мынадай сөзді айтты? Есіңізде ме? Есімізге түсіре алмадық…

Дайындаған — Ұлжан БАҚЫТҚЫЗЫ.

Democrat.kz.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.