Баласын аяусыз тепкілеген адам ұсталды

0
237

Әлеуметтік желіде Түркістан облысының тұрғыны балаларды қатігездікпен ұрып жатқан видеосы тарады. Осыған қатысты Сайрам ауданының Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан ересек адамның жерде жылап жатқан баласын бірнеше мәрте аяусыз тепкенін көруге болады. Ал қасында жылап жатқан кішкентай қызына назар аудармайды. Аталған жағдайға қатысты ресми пікір білдірген Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі күдіктінің ұсталып, қамауға алынғанын мәлімдеді.

«Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде және тиісті сараптамалар тағайындалды. Барлық мән-жай анықталып жатыр. Істің тергелуі Түркістан облысы ПД бастығының жеке бақылауында. Жалған ақпарат таратқанға заңда жауапкершілік қарастырылғанын ескерте отырып азаматтардан тек ресми дереккөздерге сүйенуді сұраймыз» — делінген ведомство ақпаратында.

Фото ашық дереккөзден алынды.