Еліміз пандемияға дайындықты бастады

0
179

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова сырқаттанушылықтың екінші толқыны туралы айтқан кезінде коронавирусты емес, жіті-респираторлық вирустық инфекцияларды меңзегенін атап өтті, деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы BAQ.KZ тілшісіне сілтеме жасап.

Zakon.kz мәліметінше, Есмағамбетова вирустық аурулар көбіне қай уақытта өршитінін айтты.

Негізінен жіті-респираторлық вирустық инфекциялардың екі рет өршуі байқалады. Бұл — қараша-желтоқсан айлары, сосын қаңтардың соңы мен ақпанның басы. Қаңтардың аяғы мен ақпанның басына дейін сырқаттанушылықтың өсімі 10% шамасында болды. Жалпы соңғы аптада сырқаттанушылық деңгейі төмендегенін атап өту керек, — деді Есмағамбетова.

Бас санитардың сөзінше, денсаулық сақтау ұйымдарының ұсынымына сәйкес халыққа вакцина салдырудың қажеттігі жоқ. Қазір коронавирустан тек егде жастағы адамдарға ғана екпе салынып жатқанын айтты.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан пандемияға дайындықты бастады.