Қызылша ауруы қырып барады

0
247

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2024 жылдың аяғына қарай қызылша ауруының өршу қаупі бар екенін ескертті, деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы Azattyq Ruhy Reuters-ке сілтеме жасап. 

«Егер қызылшаға қарсы шұғыл профилактикалық шаралар қабылданбаса, инфекция әлемдегі мемлекеттердің жартысынан көбіне тарап, ауқымы өте үлкен болады», — деп мәлімдеді ұйым.

Қызылша ауруының бұлайша көбеюі вакцинацияның уақытылы жасалмағандығынан болып отыр. Короновирус пандемиясы жылдарында денсаулық сақтау салаларына үлкен жүк түсіп, соның кесірінен егу жұмысы баяулады.

«Біздің 2024 жылғы иммундау бағдарламаларымызда үлкен олқылық бар. Оның орнын вакцинациямен шұғыл толтыруымыз керек. Әйтпесе қызылша өршиді. Бұл бізді алаңдатып отыр», — деді ДДҰ өкілі Наташа Кроукрофт Женевада өткен брифингте.

Ол үкіметтердің балаларды қорғауға жеткілікті деңгейде көңіл бөлмей отырғанын айтты.

Қызылша вирусы – көбіне бес жасқа дейінгі балалар шалдығатын, ауа арқылы тарайтын өте жұқпалы ауру.

ДДҰ мәліметтері бойынша, вакцинаның екі дозасы қызылшаның алдын алады. Екпе 2000 жылдан бері 50 миллионнан астам адамды өлімнен аман алып қалған.

ДДҰ мәліметтері бойынша, өткен жылы вирусты жұқтырғандар саны 300 мыңнан асты.

Фото ашық дереккөзден алынды.