Білім мекемесінде атыс болып, салдарынан 10 адам көз жұмды

0
33

Швецияның Эребро қаласындағы ересектерге арналған оқу орталығында атыс болды, деп хабарлайды Orda.kz bbc-ге сілтеме жасап. 

Қайғылы жағдай салдарынан 10-ға жуық адам қаза тапты.

Жергілікті басылымдарда бірнеше адам қаза тапқаны туралы хабарламалар бірнеше сағат бұрын айтылды. Бірақ ресми түрде тек алты адам мерт болғаны хабарланды.

Қалалық полиция бастығы Роберто Эйд Форест осы оқиғаның салдарынан 10 адам қаза тапқанын растады. Олардың арасында шабуылдаушының өзі де бар. Атысты ұйымдастырған адамның қандай да бір топпен байланысы болмаған.

«Біздің ойымызша, қылмыскер жалғыз болды. Бұл жағдай туралы ештеңе айта алмаймын. Іс тергелуі керек», — деді Форест.

Шұғыл шақырылған баспасөз мәслихатында Швеция премьер-министрі Ульф Кристерссон құрбан болғандардың саны бойынша бұндай атыс ел тарихында бұрын-соңды болмағанын мәлімдеді.

«Қазір басты күдікті-қаза тапқандардың бірі. Біз оның неліктен бұндай әрекетке барғанын білмейміз», — деді премьер-министр.