Бір көргеннен ғашық болу мүмкін бе?
Дене тілінің сарапшысы Джуди Джеймс бір көргеннен ғашық болып қалған адамды қандай белгілерге қарап байқауға болатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Mirror басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Маманның айтуынша, адамның бір көргеннен ғашық болып қалғанын білдіретін негізгі белгілердің бірі — ол адамға еш себепсіз жалтақтап қарай беру.
“Сондай-ақ адам ұнатқан жанның қимыл-қозғалысын айна қатесіз қайталайды. Шашын, мойны мен иығын ұстай беруі де мүмкін. Адамның сізге ғашық болып қалғанын сөйлесу барысында анық байқалады.
Егер ол сіздің көзіңізге тіке қарап, кейін ерніңізге көз тастаса сіз оған расымен қызықсыз. Тіпті бұл белгі оның сізбен сүйіскісі келетінін де білдіруі мүмкін”, – дейді Джуди Джеймс.
Егер ол көзбе-көз сөйлесіп отырып, кенет артқа бұрылып басқа жаққа қарай қалса, бұл әрекетімен өзі ұнатқан жанның назарын аударғысы келетінін білдіреді. Кейде ғашық болған адамның көзі күлімдеп тұрады, сондай-ақ үнемі төмен қарай береді.
“Сіз ол адамның көзіне қарап әңгімені жалғастырғанда, ол көзін ала қашып, иегін төмен салып, кейін басын көтеріп, сізге ерекше көзқараспен қарап, күлімдесе бұл жай ғана ұнатудан да үлкен сезімнің барын білдіреді”, – дейді сарапшы.
Фото ашық дереккөзден алынды.