Бишімбаевты алқа билер ақтап алуы мүмкін бе?

0
122

 Республикалық адвокаттар алқасының мүшесі Нұрлан Жолболов Қазақстандағы алқабилермен сот процестерінің ерекшеліктері туралы айтып берді деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы “Голос народа” сайтына сілтеме жасап.

Салтанат Нүкенованың өліміне күдікті экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қорғаушысы алқа билердің қатысуымен сот өткізу туралы өтініш білдіруге ниетті екендігі туралы ақпарат шыққан еді.

Осыған орай алқа билердің сатылуы мүмкін бе деген сауалға Н.Жолболов: «Менің ойымша, қолданыстағы заң алқа билерді процеске қатысушылардың немесе мүдделі тұлғалардың әсерінен толық қорғамайды, алайда мұндай әрекеттер үшін жауапкершілік бар және алқа би өз міндеттеріне кірісіп, ант береді.

Менің ойымша, судья алқа билерге мұндай жағдайларда не істеу керектігін түсіндіреді. Әрі қарай, егер мұндай факт болса, құқық қорғау органдары қазірдің өзінде жұмыс істеуі керек.»,- дейді.

Сарапшы отандық сот төрелігі тарихында қазылар алқасына пара беру немесе қысым жасау фактілері болғанын да жасырмайды.

Демек, ақшасы да, басқасы да жететін Бишімбаев сот залынан ақталып шығуы мүмкін деген сұрақтың нақты жауабы жоқ.

Қалай болғанда да, Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты соттың әділ өтетініне үміт артқаннан басқа амал жоқ.

Фото ашық дереккөзден алынды.